скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

08.11.2019 г.

Алматыда өткен Форум барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа форматы ұсынылды

«Адалдық алаңы: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа форматы» республикалық форумында сарапшылар мен практиктер, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тәсілдері мен тетіктерін талқылады.

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының мамандары қатысты.

Мемлекет пен қоғам арасындағы диалог алаңын кеңейту аясында Форум тұрғындардың түйткілді мәселелерін шешуге арналған ашық алаңға айналды.

Шараның мақсаты азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының біріккен тәсілдері мен түрлерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру, жемқорлық тәуекелдері мен себеп-салдарын азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық пен адалдықтың адамгершілік қасиеттерінің мәдениетін сіңіру.

Форум аясында қатысушылар Алматы-Адалдық алаңы жобаларын енгізудің оң тәжірибесі бар нысандарға, бірқатар жоғары оқу орындарына барды, білім беру саласындағы жаңа жобалармен танысты, парасаттылық мектептері ашылды, қонақтар комплаенс-офицерлердің жұмысымен танысты.

Шара барысында Алик Шпекбаев: «Біз әлемдік тенденцияны ден қоя отырып, сенімге, әділдік пен парасаттылыққа негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзіндік моделін жасадық. Мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара қарым-қатынасының басты негіздерін нығайтуға ерекше назар аударамыз», - деп атап өтті.

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынастың «өсім нүктесін» күшейтуде. Бұл үшін қатысудың қарапайым құралдары жасалған.

Алик Шпекбаев мәлімдегендей, барлық өңірлерде және бірқатар министрліктерде жұмыс істеп жатқан «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері арқылы кез-келген адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеуге қатыса алады.

Қатысушылардың пікірінше, бүгінгі форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға тың серпін беретін диалог алаңына айналады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы