скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

13.11.2018 г.
В Алматы состоялось выездное рабочее совещание членов Общественного совета

Алматы қаласында Қоғамдық кеңестің көшпелі жұмыс кеңесі өтті

Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметінің қоғамдық кеңесі мүшелерінің Алматы қаласындағы Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес құрылған объектілермен танысу мәселелері бойынша көшпелі жұмыс кеңесі өтті.

Кездесулерде қаланың мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылы туралы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі объектілерді, орталықтарды құру туралы мәселелер қаралды.

Объектілер қала азаматтарына мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілген.

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін және орталықтың ашылуы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге және халық тарапынан оларға деген сенімді арттыруға мүмкіндік беретін құқық қорғау орталығының қызметі азаматтарымен жұмыс форматын зерделеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қала тұрғындары мен бизнестің қанағаттануын арттыру және қолайлы жағдай жасау мақсатында нысандар қайта жаңартылып, кейіннен Алматы қаласының салық қызметтерін көрсету орталықтарын ашумен үдерістер жаңғыртылды, оларға қызмет көрсету «Кедергісіз» қағидатқа ауыстырылды.

Қалада халыққа көмек ретінде әкімдіктің қоғамдық қабылдауы «Open Almaty» жұмыс істейді», ол халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс принципі бойынша қамтамасыз етілген өмірлік жағдайларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған мекеме.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Қанаев Серікжан Заданұлы «Цифрландыру процестерін жүзеге асыру және азаматтарға сапалы қызмет көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту рәсімін қамтамасыз ету саласындағы Алматы қаласының жетістіктері мен нәтижелерін жоғары екенін»  атап өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің мемлекеттік қызметшілері жаңа қызметтік куәліктерін (ID-карта) енгізу жөніндегі пилоттық жобасын біртіндеп іске асыруға назар аудару қажеттігін түсіндірді.

Агенттіктің Қоғамдық Кеңесі Алматы қаласындағы көшпелі жұмыс кездесуі барысында Агенттік аппаратының басшысы С. К. Ахметжанов Алматы қаласы бойынша департаментінің әкімшілік ғимаратында  ID картаның және оған енгізілген ЭЦҚ көмегімен ЭҚАБЖ жүйесіне кіруді көрнекі түрде көрсетіп, электрондық құжаттардың жобаларына қол қойды. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады және барлық мемлекеттік қызметшілер үшін ID-картаны енгізу 2019 жылдан басталады.

Агенттіктің аппарат басшысы С. Қ. Ахметжанов «Е-қызмет» ИАЖ арқылы мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына кіру/шығу үшін деректерді сақтауға мүмкіндік беретін байланыс чипі бар  ID карталарының тәжірибелік үлгілері қолданылатын» болатынына  түсініктеме берді.

 

В Алматы состоялось выездное рабочее совещание членов Общественного совета

В Алматы состоялось выездное рабочее совещание членов Общественного совета

В Алматы состоялось выездное рабочее совещание членов Общественного совета

В Алматы состоялось выездное рабочее совещание членов Общественного совета

В Алматы состоялось выездное рабочее совещание членов Общественного совета


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы