скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.09.2019 г.

Агенттікпен атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жүргізілуде

Мемлекет қолдауын қажет ететін азаматтарды әлеуметтік қорғау – әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен атаулы-әлеуметтік көмек көрсету кезінде уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан заңсыз іс-қимылдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар кешені тұрақты негізде жүргізіледі.

«2019 жылдың басынан бастап атаулы-әлеуметтік көмек көрсету кезінде жіберілген 15 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, олардың 2-і бойынша үкім шығарылды, 13 іс өндірісте», – деді баспасөз мәслихатында Агентіктің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров.

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі секторының бас маманы Ж. Смағұлова 3 жылға бас бостандығынан айырылды (бала 14 жасқа толғанға дейін үкімнің мерзімін 5 жылға ұзарту). Ол өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, АӘК төлеуге өтінім берген кезде басқа анкеталық деректің орнына өзінің жеке деректемелерін көрсеткен және жәрдемақы алып отырған.

Ж.А.Смағұловамен 1,6 млн. теңге жымқырылды, бұл қаражат әлеуметтік жағынан осал 10 отбасына АӘК төлеуге арналған еді.

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткөл ауылдық округі әкімдігінің бас маманы А. Әбдіраманов АӘК беру мәселесін оң шешкені үшін 20 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін 2,6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шымкент қаласы бойынша Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары әкімі аппаратының жұмыспен қамту бөлімінің лауазымды тұлғаларымен заңсыз сыйақы алудың (есептелген жәрдемақы сомасының 10-15%) сыбайлас жемқорлық сызбасы анықталды.

Сондай-ақ бұндай фактілер Ақмола және Түркістан облыстарында анықталды.

Бұл ретте Түркістан облысында ақша қаражатын артық есептеудің 13 фактісі анықталды.

Атаулы-әлеуметтік көмектің қате аударымдарының себебі – барлық жерде төлемдерді қолмен енгізу, «Е-Халық» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тізім мен қажеттілік қалыптастырудың болмауы.

Данияр Бигайдаров: «Қазіргі уақытта залалды өтеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның басым бөлігі мемлекет бюджетіне қайтарылды.

Сонымен қатар, бұл мәселелер «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің және арнайы мониторингтік топтардың ерекше бақылауында тұр, олар есептеу процесіне, атаулы-әлеуметтік көмекті төлеу рәсімдеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді», – деді.

Қазіргі уақытта атаулы-әлеуметтік көмекті тағайындау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты шаралар әзірлеуге бағытталған жұмыс жүргізілуде.

Әлеуметтік салада бюджет қаражатын дұрыс бөлу мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тұрақты бақылауында.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы