скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.09.2019 г.

Агенттік кадрлық шешімдерге мониторинг жүргізуде

Агенттік мемлекеттік органдар басшыларының бағынысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілігі бөлігінде кадрлық шешімдерге мониторинг жүргізуде.

Өз сөзінде Агенттіктің превенция департаментінің басшысы Анар Жарова: «Брифинг барысында екі апта бұрын біз Қаржы министрінің атына Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау аумақтық департаменті басшысының басшылық лауазымында одан әрі болу мәселесін қарау туралы ұсыныс енгіздік, оның тікелей орынбасарлары сыбайлас жемқорлық үшін сотталған.

Ұсынымды қарау нәтижелері бойынша аталған басшы атқарып отырған лауазымынан босатылды», – деді.

Агенттікпен мұндай жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.

Әзірге бұл ұсыныс түрінде әр шыққан үкімнен кейін Агенттік басшылардың бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық үшін тікелей жауаптылығы туралы мәселені көтеруде.

Тиісті заңнамалық түзетулер қабылданғаннан кейін, бұл міндетті норма болады. Қазіргі уақытта жаңа заң жобасы Парламенттің қарауында.

Сыбайлас жемқорлық қылмысы болған басшылардың жауапкершілігін заңнамалық реттеу туралы Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында да көрсетілген.

Айта кету керек, бұл мәселеге барлық мемлекеттік органдарымен назар аударылмайды. Көбінесе ұсынымдарды қарау кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған және қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды жұмыстан босатумен шектеледі.

Олардың тікелей басшыларына қатысты бағыныштылардың қызметіне бақылаудың болмауы үшін қандай да бір шаралар қолданылмайды.

Нәтижесінде, Агенттік өз тарапынан мұндай тәжірибені талдай отырып, тікелей басшыларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды қайта жіберуге мәжбүр.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы