скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.09.2019 г.

Агенттік елді мекендерді көгалдандыруға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді

Елді мекендерді көгалдандыру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады, жыл сайын әр облыста бұл шаралар үшін 300-500 млн.бөлінеді.

Сонымен қатар, бюджеттен қомақты қаржы құйылуына қарамастан, БАҚ-та өңірлерде көгалдандыру сапасы бойынша жиі сыни жарияланымдар жарық көрген.

БАҚ мониторингі нәтижелері көгалдандыру жұмыстарын жүргізу кезінде өңірдің климаттық және географиялық ерекшеліктері ескерілмейтінін көрсетеді.

Бұл туралы Агенттіктің превенция департаментінің басшысы Анар Жарова айтып, нақты мысалдар келтірді:

«Мысалы, Ақтөбеде 1 млн. көшет отырғызу үшін 90 млн. теңге бөлінді,бұл ретте 2 жыл ішінде күтімнің жоқтығынан жасыл көшеттер құрғап кетті, «жергілікті атқарушы органдар көптеген нюанстарды ескермегенін түсіндірді».

Осыған ұқсас, Ақтау тұрғындары жергілікті билік тарапынан өсімдіктерді күту жөніндегі шараларды қабылдамауына байланысты наразылығын білдірді», – деді А. Жарова.

Бұл жергілікті атқарушы органдардың жасыл желектерді сақтауға қызығушылықтың төмендігін, мердігерлік ұйымдар орындайтын көгалдандыру жұмыстарының сапасына тиісті бақылаудың жоқтығын білдіреді, сондай-ақ тұтастай алғанда, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне күмән келтіреді.

Бұл қорытынды қылмыстық статистикамен де расталады. 2017 жылмен ағымдағы жылдың 1 тамыз аралығында елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға байланысты 143 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 22 адам сотталды.

Мониторинг шеңберінде біржылдық және көпжылдық гүлдерді сатып алу және түсіру шығындарына ерекше назар аударылды.

Әкімдіктер ұсынған деректер негізінде бюджет қаражатының басым бөлігі бір жылдық гүлдерді сатып алу үшін пайдаланылатыны, ал көпжылдық гүлдерді сатып алу экономикалық жағынан тиімді, өйткені олар жыл сайын отырғызуды, яғни бюджет есебінен жыл сайын қаржыландыруды талап етпейді.

Мысалы, Жамбыл облысында 2018 жылы 317 млн.теңгенің 37% - ы (116 млн. тнг.) бір жылдық гүл сатып алуға жұмсалған және тек 4,5% (5 млн.тнг.)–көпжылдық гүлдерге.

Анықтама. 33% (105 млн.тнг.) – бұталар мен ағаштар сатып алуға, қалған 25,5% (91 млн.тнг.) жасыл желектерді отырғызуға, күтуге және суаруға жұмсалған. 2019 жылға 346 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 135 млн.(39%) бір жылдық гүлдерге.

Осыған ұқсас жағдай аудандық деңгейде де, мысалы, Түркістан облысының Бәйдібек ауданында 8,7 млн. теңгенің 76% - ы (6,6 млн. тнг.) бір жылдық гүлдерге жұмсалған.

Бюджеттік шығыстарды жоспарлау барысында бір жылдық немесе көп жылдық гүлдерді сатып алу көлемі бойынша шешімді лауазымды тұлғалар дербес айқындайды, бұл қаржылық және шаруашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

2018 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бір жылдық өсімдіктерді көпжылдық өсімдіктерге ауыстыру бойынша пилоттық жобасының жүзеге асырылуда.

Жоба аясында отырғызылған өсімдіктердің жерсінуі бойынша жеткізушілердің кепілдік міндеттемелерін міндетті талап етумен шарт жасау көзделген.

Олар шарт қолданылуының үш жылдық кезеңінде қаза тапқан жағдайда олар өнім берушілердің қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Бүгінде үнемдеу сомасы 207 млн. теңгені құрады. Бұл жалпы ауданы 20 мың шаршы метр болатын елорданың 7 учаскесі бойынша ғана. Яғни, бұл шамамен 1/8 көгалдандырылған алаң (гүлдер, сәндік өсімдіктер).

Көп жылдық екпелерге толық көшкен жағдайда, үнемді тек астанада жылына 1 млрд. теңгеден астам сомаға жетуі мүмкін деп есептеу қиын емес.

Осылайша, мониторинг нәтижелері көп жылдық гүлдерді отырғызудың тікелей қаржылық-экономикалық артықшылықтарын көрсетеді.

Мемлекет басшысының бюджет қаражатын оңтайландыру туралы тапсырмасына қарамастан, бұл мәселедегі әкімдіктердің ұстанымы түсініксіз.

Сонымен қатар, Агенттікпен мониторинг нәтижелері негізінде көгалдандыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне терең талдау жасала бастаған, оның ішінде мердігерлік ұйымдардың үлестестігін зерттелуде.

Талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі заңнама талаптарын сақтау бөлігінде лауазымды адамдардың іс-әрекетін бағалау үшін негіз бола алады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы