• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

10.01.2020 г.

1424 Call-орталығы: қоңыраулар қайдан түседі және қандай шығамдар айтылады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегия және жедел басқару департаменті басшысы Ринат Қабиев баспасөз мәслихатында 1424 Call-орталығына өңірлер бөлігінде өтініштердің ең көп саны Түркістан облысынан – 148, Алматы облысынан – 137 және Алматы қаласынан – 112 келіп түсетіндігін айтты.
Басқа өтініштер қалған 14 өңірге тиесілі (Шымкент қ. – 84, Нұр-Сұлтан қ. – 76, Жамбыл – 63, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау, ШҚО – 30-дан 50-ге дейін, Қостанай, Ақтөбе, БҚО, СҚО, Қызылорда, Атырау облыстары – 20-дан аз).
 
*****
 
Белгілі болғаны, азаматтар көп жағдайда қызметкерлердің/жұмыскерлердің іс-әрекеттеріне қатысты жүгінген:
- ішкі істер органдары (лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері және т.с.с.) – 329; 
- білім беру саласы (жұмысқа орналастыруға жәрдемдескені үшін заңсыз сыйлықақылар, оқушылардың ата-аналарынан ақша қаражатына «алым-салықтар») – 136;
- әлеуметтік қорғау саласы (атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезіндегі бұзушылықтар, оның ішінде заңсыз сыйлықақылар алу) – 135, 
- кеден органдары – 97 (кедендік рәсімдерден өту кезіндегі заңсыз сыйлықақылар) және жергілікті атқарушы органдар – 112 (мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі бұзушылықтар, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру кезіндегі заңсыз сыйлықақылар және т.с.с.).
 
*****
 
Көрсетілгенмен қатар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған, белсенді азаматтық ұстанымдағы ел тұрғындарын көтермелеу тәжірибесі жолға қойылған.
Сонымен, 2019 жылы Call-орталық арқылы келіп  түскен өтініштер бойынша соттарда қаралған қылмыстық істер бойынша , 9 азамат жалпы сомасы, шамамен, 1,5 млн. теңгеге (126 250 теңгеден 176 750 теңгеге дейін) көтермеленген.
 
*****
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне қатысты келіп түскен өтініштер Агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті мұқият тексереді.
 
*****
 
Антикор не жоспарлауда?
Саll-орталығының жұмысын одан әрі жетілдіру үшін оны техникалық және бағдарламалық қайта жабдықтау, оның ішінде мобильді қосымша және орталыққа хабарламаларды әлеуметтік желілер арқылы жолдау, сондай-ақ операторларды бағалау жүйесін енгізу мүмкіндігі мәселелері пысықталуда.
Одан басқа орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған уағдаластыққа қол жеткізілді (Агенттіктің Call-орталығының операторларын «Азаматтарға арналған үкімет» ҮЕАҚ бірыңғай байланыс-орталығында, 115 Бас прокуратураның сall-орталығында оқытудан және тағылымдамадан өткізу).
«Біздің жобалық кеңселеріміз мен арнайы мониторингтік топтардың жәрдем көрсетулері кезінде 1424 Саll-орталығы жұмысының адвертайзингі бойынша жұмыс жүргізілуде», – деп сөзін қорытты Ринат Қабиев.

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы