скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Басшылық

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы

Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы

А.Ж. Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы, Қаскелен ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.

1980 жылы КСРО ІІМ Шымкент арнайы орта мектебін бітірді. 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

1974-1975 жылдары - Талғар қаласы Талғар ауылшаруашылық техникумының студенті;

1975-1977 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте;

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары

Бектенов Олжас Абайұлы
Бектенов Олжас Абайұлы

1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туылған.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы «Заңгер».

2002-2005 жылдар аралығында – Алматы қаласы әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.

2005-2006 жылдары – ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.  

2006-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс жасаған.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары

Қабдула Шыңғыс Қайыпұлы
Қабдула Шыңғыс Қайыпұлы

1978 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (1999 ж.), ҚР Қаржы полициясы академиясы (2002 ж.), Халықаралық құқық қорғау органдарының академиясы (2004 ж., ILEA, АҚШ), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (2009 ж.) - экономика және бизнес іскерлік басқару шебері (МВА), РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (2017 ж.) – ұлттық қауіпсіздік магистрі.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары

Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы
Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы

1974 жылы 15 қарашада Алматы облысында туған.

Білімі жоғары, 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "құқықтану, заңгер" мамандығы бойынша аяқтаған.

2002 ж. – ҚР ІІМ Академиясы (заң ғылымдарының кандидаты);

2005 ж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (бухгалтерлік есеп және аудит, экономист);

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы

Жапақов Қуаныш Асылбекұлы
Жапақов Қуаныш Асылбекұлы

1979 жылы 8 қарашада Жамбыл облысында туған

Білімі жоғары, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын "заңгер", 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "қаржыгер" мамандағы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақ заң университетінің оқытушысы ретінде бастаған.

2000 – 2012 – Филиал оқытушысы, декан орынбасары, Қазақ заң университетінің гуманитарлық-әлеуметтік факультет деканы, Қазақ заң университеті АҚ Басқармасының аппарат басшысы;

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы