скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары

Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы
Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы

1974 жылы 15 қарашада Алматы облысында туған.

Білімі жоғары, 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "құқықтану, заңгер" мамандығы бойынша аяқтаған.

2002 ж. – ҚР ІІМ Академиясы (заң ғылымдарының кандидаты);

2005 ж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (бухгалтерлік есеп және аудит, экономист);

2013 ж. – "МИРБИС" Мәскеу Халықаралық Жоғары бизнес мектебі (іскерлік әкімшілік ету шебері).

Еңбек жолын ішкі істер органдарынан бастаған.

06.1996 – 05.2000 – Алматы қаласы бойынша ішкі істер органдарындағы қызмет;

05.2000 – 01.2003 – Алматы қаласы ІІББ аудандық ІІБ бөлім бастығы, бастығының бірінші орынбасары;

01.2003 – 05.2003 – Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары;

05.2003 – 04.2004 – Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы;

04.2004 – 12.2008 – Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы;

12.2008 – 02.2010 – Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы;

02.2010 – 08.2010 – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының Кеңесшісі;

08.2010 – 09.2011 – "ALUA" холдинг компаниясының бас директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары;

09.2011 – 02.2012 – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі;

02.2012 – 10.2012 – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаментінің басшысы;

10.2012 – 05.2014 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) басшысы;

12.2014 – 03.2015 – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция органдарындағы әскери қызмет;

05.2015 – 03.2017 – "ALUA" Холдинг компаниясы" ЖШС Бас директорының коммерциялық және корпоративтік мәселелер жөніндегі бірінші орынбасары;

03.2017 – 04.2018 – ҚР Қаржымині МКК Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;

04.2018 – 08.2018 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жедел департаменті басшысының орынбасары;

08.2018 – 06.2019 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы;

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 23 маусымдағы өкімімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы