скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Standart version
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары

Қабдула Шыңғыс Қайыпұлы
Қабдула Шыңғыс Қайыпұлы

1978 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (1999 ж.), ҚР Қаржы полициясы академиясы (2002 ж.), Халықаралық құқық қорғау органдарының академиясы (2004 ж., ILEA, АҚШ), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (2009 ж.) - экономика және бизнес іскерлік басқару шебері (МВА), РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (2017 ж.) – ұлттық қауіпсіздік магистрі.

1999-2000 жылдары - Алматы облысының Жамбыл ауданы бойынша Салық комитетінің жетекші салық инспекторы, заңгері - бас маманы.

2002-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық қатынас департментінің аға инспекторы, бөлімше, бөлім, басқарма бастығы.

2009-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі секторының сарапшысы, инспекторы, меңгерушісі («А» корпусы).

2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.

2016 жылы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.

2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы.

2017-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2018 жылғы 5 шілдеден 2019 жылғы 23 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 23 маусымдағы өкімімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, үкіметтік, халықаралық және ведомствалық марапаттарымен марапатталған.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ойық атыс қаруымен наградталған.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы