скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары

Бектенов Олжас Абайұлы
Бектенов Олжас Абайұлы

1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туылған.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы «Заңгер».

2002-2005 жылдар аралығында – Алматы қаласы әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.

2005-2006 жылдары – ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.  

2006-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс жасаған.

2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болған.

2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы қызметін атқарған.

2015-2016 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары – Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы.

2017 жылғы шілдеден бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған (2014 ж.).

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы