скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Standart version

You are here

Сауалнама

«Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін анықтау» бойынша әлеуметтік зерттеудің нәтижелері
 
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін анықтау бойынша 2015 жылы әлеуметтік зерттеу жүргізілді.
Зерттеу мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың жағдайы туралы қоғамдық пікірді мінездейтін сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін анықтау мақсатында және сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін бағалау, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қанағаттану деңгейін бағалау, мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын бағалау көрсеткіштері негізінде жүргізілді.
Жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижесінде ел тұрғындарының көпшілігі (78,8%) сыбайлас жемқорлықты кері және жағымсыз көрініс ретінде қабыдайтындығы анықталған. Сыбайлас жемқорлықты көбіне Маңғыстау (93,6%), Павлодар (92,6%), Шығыс-Қазақстан (91,3%) және Алматы (90,2%) облыстарының тұрғындары   жағымсыз көрініс ретінде қабылдаған.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы