Интерактивті атқарымдары

Сall-орталық – азаматтардың өтініштері мен жүгінулері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Сall-орталығының қызметі жөніндегі ақпарат

CALL ОРТАЛЫҒЫНА қоңырау шалу тегін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы телефон хабарламаларды қабылдау негізгі мақсаты болып табылатын Сall-орталық жұмыс істейді.

Мынадай сұрақтар бойынша:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне түсу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметтің өндірісінде болатын хабарламаларды және өтініштерді қарау барысы туралы;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе өзге де амалдар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінде беретін адамдарды көтермелеу;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзіретіне кіретін өзге де мәселелер.

Хабарламаларды қабылдау:

  • Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметшілерінің жағынан заңсыз әрекеттері (әрекетсіздіктері) туралы;
  • Кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру мәселелеріне қатысты;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі іздестіретін адамдар жөніндегі мәліметтер туралы;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жұмысына қатысты (үн қосулар, ұсыныстар).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Сall-орталығының жұмыс кестесі

9.00-18.30
(жұмыс және мереке күндері түскі үзіліссіз)
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау және консультация
9.00-13.00
(сенбі)
Тәуліктің түнгі мезгілінде және демалыс күндері Сall-орталығына шалынатын қоңырауларды жазып алу автоматты түрде жүзеге асырылады.