Интерактивті атқарымдары

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қымет құқық қорғау органы болып табылады ма?

Иә. ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 3 бабына сәйкес Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі жатады.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның қызметіне алғаш рет түсетін азаматтар тестілеуден өтеді ме?

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда тесттен, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді (ҚР «Құқық қорғау органдары туралы» Заңның 1 тармағының 7 бабына сәйкес).

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің біліктілік сыныптары қалай бөлінеді?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері үшін мынадай біліктілік сыныптары мен онда болу мерзімдері белгіленеді:

1) орта басшы құрам: 6-санатты біліктілік сыныбы – бір жыл; 5-санатты біліктілік сыныбы – үш жыл; 4-санатты біліктілік сыныбы – төрт жыл;

2) аға басшы құрам: 3-санатты біліктілік сыныбы – бес жыл; 2-санатты біліктілік сыныбы – жеті жыл; 1-санатты біліктілік сыныбы – болу мерзімі белгіленбейді.

Біліктілік сыныптары белгілеу реттілігіне қарай алғашқы және кезекті болып бөлінеді. 6-санатты біліктілік сыныбы алғашқы біліктілік сыныбы болып табылады.

Кезекті біліктілік сыныптары алдыңғы біліктілік сыныптарында болу мерзімі өткеннен кейін реттілік тәртібімен белгіленеді.

«Мүдделер қақтығысы» ұғымына не кіреді?

Мүдделер қақтығысы - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін (1 б. 5 т. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1 б. 5 т.).

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы қарастырылады ма?

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.

Біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК;

3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК;

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК;

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК.

Одан басқа грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін (Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысы)