Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

04 қаңтар, 2018

А.ж. 3 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті жеке тұлғадан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпас үшін 30 мың доллар көлемінде пара алу кезінде ҚР ІІМ Оңтүстік Өңірлік Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Григорьев А. және ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аға тергеушісі, полиция капитаны Нұрболатов А. ұсталды".

Күдіктілер Алматы ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.