Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

04 қаңтар, 2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті облыстық экология департаменті экологиялық реттеу бөлімінің бастығы С. Сарқұлованың қылмыстық жолын кесті.

Күдікті «ҚОӘБ» оршаған ортаға әсерді бағалау) жобасын әзірлеу және зиянды заттар эмиссиясына рұқсат беру үшін заңды тұлғалардан жүйелі түрде пара алған.

Параның мөлшері 20 мыңнан 300 мың теңгеге дейін болған. Жалпы соммасы 500 мың теңгені құрағаны анықталды.

Оған қоса, С. Сарқұлова бірқатар ұйымдарды атмосфераға қоқыс шығару көздерін түгендеу жұмыстарын орындау бойынша келісімшарт жасасуға мәжбүрлеп, кәсіпкерлік қызметпен де айналысқан.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.