Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

10 қазан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті бірнеше рет пара алғаны үшін «Атырау бөлімдік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РМК басшысы И.В. Шинды әшкереледі.

Күдікті жолаушылар пойызы бригадирлерінен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартпауға және жалпы болысушылық жасағанына заңсыз ақшалай сыйақы алу бойынша қылмыстық сызба ұйымдастырған.

29 қыркүйек күні соттың санкциясымен И.В. Шин қамауға алынды.

Параның жалпы сомасы 824 000 теңгені құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.