Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

13 қазан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі В.В. Храпунов, оның зайыбы Л.К.Храпунова, А.К.Ильясовты және тағы басқа адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тергеу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоғарыда аталған адамдар мен олардың сыбайластарының құқыққа қарсы әрекеттерін растайтын дәлелдерді тапты.

Жиналған материалдар аталған адамдардың әрекеттерін ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған жетекшілік ету, лауазымды қызметті асыра пайдалану, мемлекеттік мүлік пен бюджет қаражатын алаяқтық арқылы жымқыру, пара алу және оны заңдастыру ретінде айқындауға мүмкіндік берді.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес, күдіктілер жауап алуға шақырылады.

Алайда В.В. Храпунов, Л.К.Храпунова, А.К.Ильясовтың Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде болып, яғни жауап беруден жалтаруларына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметы ҚР ҚПК-нің 205-бабы 3-бөлігі бойынша күдіктілерді Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жауап алуға шақыру туралы ақпаратты жариялайды.

Күдікті ретіндегі В.В. Храпунов, Л.К.Храпунова, А.К.Ильясовты 2017 жылдың 147 қазаны сағат 15:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі 37 мекен-жайындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына Тергеу департаментінің жедел-іздестіру тобының жетекшісі Сергей Николаевич Перовке келуі керек.

Тергеу жұмыстарына қатысу үшін күдікті өзімен бірге қорғаушыны алып келуге немесе органға қылмыстық істі жүргізетін (ҚР ҚПК 68-бабы) қорғаушымен қамтамасыз ету туралы өтініш беруге болады.

Егер күдіктінің немесе оның заңды өкілінің шақыруымен қорғаушы келмесе, орган қылмыстық істі жүргізетін қорғаушыны тауып береді (ҚР ҚПК 67-бабы).

Аталған мерзімде келуге бір себеп кедергі болса, сонымен бірге қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы сотқа дейінгі өндірісті жүргізетін прокурорға немесе өзге де тұлғаға өтініш жолдау керек жағдайда күдікті немесе оның заңды өкілі органға міндетті түрде ол туралы ескертуі қажет.

ҚР ҚПК 205-бабы 3-бөлігі бойынша Виктор Храпунов пен Лейла Храпунова, сонымен бірге А.К.Ильясовты шақыру туралы мәлімет республикалық бұқаралық ақпарат құралдары мен Швейцариядағы бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.