Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

12 қазан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ақмола облысы Атбасар ауданы әкіміне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Атбасар аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Ш.А. Түбековтің қылмыстық қызметінің жолын кесті.

Ағымдағы жылдың маусым және тамыз айларында Ш.А. Түбековтің көші-қон заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін «ХПП Лана» ЖШС директоры Е.Р. Шәйкеновтен жүйелі түрде пара алып отырғандығы тергеумен анықталды.

Ағымдағы жылы 11 қазанда кезекті 400 мың теңге сомасындағы параны алғаннан кейін, қылмыс жасау үстінде Ш.А. Түбековтің қылмысы әшкереленіп, Көкшетау қаласындағы ІІБ УҰО-ға қамалды.

Кінәсін толықтай мойындауына байланысты, Е.Р. Шәйкеновке процестік ұстау шаралары қолданылған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.