Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

10 қазан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы М.К.Мырзатаевтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Күдікті жеңімпаз деп тану үшін және келісімшарт бойынша қаржыны тез аудару үшін мемлекеттік сатып алу қатысушыларынан жүйелі негізде пара алып отырған.

М.К.Мырзатаев кезекті рет 4,3 млн теңге параны алып жатқан кезде ұсталды.

Сонымен қатар, ағымғы жылы 9 қазанда М.К.Мырзатаев мердігер ұйымның мүддесін көздей отырып, 1 млн теңге сомасындағы параны ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшысы Е.Б. Медеубековке тендердің нәтижесін жоққа шығару үшін берген.

Дәл сол күні М.К.Мырзатаев пен Е.Б. Медеубеков ІІД Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.