Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

09 қазан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізуші арқылы 2,1 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Төлеген Б.Б.-ны ұстады. Ақша ақпараттық қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы келісім бойынша төлем үшін бөлім басшысы Шалкеев Н.Р. арқылы алынған. Ағымғы жылдың 6 қазанында Төлеген Б.Б. Шымкент қалалық ІІД Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Өз кінәсін толық мойындағандықтан, Шалкеев Н.Р.-ға қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмаған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.