Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

26 қыркүйек, 2017

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы басшысының орынбасары С. Полатовтың және аталған ұйымның аудандық бөлімшелерінің басшылары А. Мақатай және М. Қарақұловтың қылмыстық әрекеттерін әшкереледі.

Күдіктілер жүйелі негізде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау және қайта даярлау бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасау үшін заңды тұлғалардан бопсалаушылық жолмен пара алды.

Қылмыстық схема 2016-2017 жылдар аралығында әрекет етті. Пара өлшемі шарттың сомасына байланысты 20%- 30%-ын, ақшалай тұлғаланымы 3-20 млн. теңгені құрады.

А.ж. 15 қыркүйекте 6,4 млн. теңге жалпы сомасында кезекті пара алу кезінде С. Полатов, М. Қарақұлов және А. Мақатай ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Шымкент қаласының ІІД Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

А.ж. 18 қыркүйекте күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.