Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

26 қыркүйек, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті «Ақжол ДС» ЖШС өкілдері М. Ыбышев және Б. Жақпаровтан 17 млн теңге көлемінде пара алу кезінде «Қазақавтожол» РМК Қарағанды облыстық филиалының директоры Г.Мұқанов және оның орынбасары Е.Отаров ұсталды.

Ақшалай қаражат «Қызылорда-Қарағанды-Павлодар» автожолын жөндеу бойынша орындалмаған жұмыстардың құжатына қол қою үшін берілген.

15 қыркүйекте М.Ыбышев, Б.Жақпаров, Г.Мұқанов және Е.Отаров ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Қарағанды қалалық ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды.

16 қыркүйекте күдіктілердің барлығы соттың санкциясымен қамауға алынған.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.