Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

10 тамыз, 2017

«Әблязовтің сыбайласы өз еркімен Қазақстанға оралды»

«БТА Банк» АҚ директорлар Кенесінің бұрынғы төрағасы М.Қ.Әблязовтің басшылығымен қылмыстық қоғамдастық жасаған Банктің ақша қаражаттарын жымқыру туралы қылмыстық ісі бойынша күдіктілерінің біреуі 2017 жылы 24 шілдеде Будапешт (Венгрия) қаласынан Қазақстанға өз еркімен оралды.

Әблязовтің кезінде Кадесов Ержан Банктің Проблемалық несиелер басқармасы басшысының орынбасары лауазымын иеленген.

2009 жылы Кадесовқа сырттай айыптау тағылып, оған кейіннен халықаралық іздеу жарияланды.

2016 жылы ақпан айында Кадесовтың Будапешт қаласында екендігі анықталып, оны венгр құқық қорғау органдары экстрадициялық қамаққа алды.

Ағымдағы жылы шілде айында Кадесов Венгрияның сот органдары алдында өз еркімен Казақстанға қайта оралатындығы туралы мәлімдеді.

Қазіргі уақытта, Кадесовтың қатысуымен барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілді.

Ол өзінің кінәсін толықтай мойындап, Әблязовпен БТА Банкінің ақша қаражаттарын жымқыру және жылыстату жайттары сияқты, сондай-ақ оған қарсы айғақтар берудің алдын алу мақсатында Банктің қызметкерлерін Қазақстаннан шетке шығаруды ұйымдастырғандығы туралы жан-жақты айғақтар берді.

Бұдан басқа, Венгрияда болған кезінде Әблязов және оның сыбайластары Кадесовты әділетсіз сотпен және тергеу органының алдын ала ойластырылған қатынас қағазымен қорқытып, оған Отанына қайтып оралуына кедергі келтірген.

Кадесовтан алынған айғақтар Әблязовтің басқа да бұрыңғы сыбайластарының түсіндірмелерін жай ғана растап қоймай, сонымен қатар оларды Банктің барлық топ-менеджментін Қазақстаннан Бішкек қаласы арқылы Ресейге, Украинаға және басқа мемлекеттерге заңсыз шығару жайттарымен толықтырады.

Олардың барлығы Әблязовтің нұсқауы бойынша өздеріне қатысты азаптаулар және басқа да заңсыз әдістер қолданылатындығы туралы қасақана жаңылыстырылған.

Ағымдағы жылы 9 тамызда тергеу органымен белсенді ынтымақтастық және қосымша дәлелдер табуда көрсетілген көмек ескертіле отырып, күдікті Кадесовтың және оның қорғаушысының өтінішхаттары бойынша бұрын тағайындалған «қамауға алу» бұлттартпау шарасы «кепілге» ауыстырылды.

Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа