Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

26 шілде, 2017

А.ж. 25 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары Д.Ж. Сүлейменовті 1,5 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде әшкереледі.

Сүлейменов "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" аясында салынып жатқан құрылыс нысанындағы орындалған жұмыстар актісіне қолын қойып беру үшін ЖШС басшысынан пара алған.

Қазіргі уақытта Д.Ж.Сүлейменов ұсталып, Қарағанды облысы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа