Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

24 мамыр, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті  ҚР Инвестиция және даму министрлігінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" РМК бас директоры Б.Ш.Халық 70 мың доллар көлемінде кезекті пара алу үстінде ұсталды.

Күдікті атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып бергені үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алу бойынша қылмыстық жоспар құрған.

Сонымен қатар, Б.Ш.Халық бас есепші К.Т.Медебаевамен және кәсіпорынның Атыраудағы филиалының жетекшісі Т.У.Махмутовпен бірге РМК-нің қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Күдіктінің үйін тінту кезінде 300 мың АҚШ доллары мен 6 миллион теңге тәркіленген.

А.ж. 23 мамырда Б.Ш.Халық , К.Т.Медебаева және Т.У.Махмутов ұсталып Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа