Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

14 сәуір, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ШҚО бойынша департаменті өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жобалық құжаттамаларға дұрыс келісім алу үшін кәсіпкерлерлік субъектілерден жүйелі түрде пара алған Шығыс Қазақстан облысы бойынша Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы А.Р. Закирьяновты әшкереледі.

Ағымғы жылы 12 сәуірде 90 мың теңге мөлшерде кәсіпкерден кезекті пара алу кезінде қылмыспен А.Р. Закирьянов ұсталды, және Өскемен қаласының ІІД Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Паралардың жалпы саны 2 млн. теңгені құрады.

Тергеу жүргізілуде.