Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

14 сәуір, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Республикалық санитариялық авиация орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының орынбасары М.З.Шалғынбаевты ұстады.

12 сәуірде 2 миллион теңге сомасында кезекті пара алу үстінде "Республикалық санитариялық авиация орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының орынбасары М.З.Шалғынбаев ұсталды.

Ол жеке әуе компанияларының басшыларынан науқастарды тасымалдау үшін мамандандырылған әуе көлігін беру бойынша қызметтер көрсетуге келісімшарттар жасасу үшін жүйелі түрде пара алу бойынша қылмыстық жоспар ұйымдастырып, оған кәсіпорындағы қоластындағы қызметкерлерді тартқан.

Пара көлемі келісімшарт сомасының 10 пайызы болған.

Шалғынбаев жалпы алғанда Sky Service ЖШС, East Wing АҚ жетекшілерінен және басқалардан 130 мың АҚШ доллары сомасында аса ірі көлемде пара алған

ҚР ҚПК 128 бабына сәйкес Шалғынбаев ұсталып, Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.