Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

05 сәуір, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті бірқатар сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағандығы үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі В.Э. Магамадовты ұстады.

В.Э. Магамадовтың өкілеттіктерді теріс пайдалану арқылы кәсіпкерлік субъектілердің өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша айыппұл  соммаларын заңсыз түрде төмендеткені , сонымен қатар бұйрықтарды орындау мерзімін ұзарту бойынша заңсыз сыйақы алғандығы анықталды.

Ағымғы жылы 4 сәуірде В.Э. Магамадов кәсіпкерден 200 мың теңге мөлшерінде пара алу үстінде ұсталды және Қарағанды қаласының ІІД Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.