Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

31 наурыз, 2017

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусин ұсталды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусин ұсталды.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалаласы бойынша департаменті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусиннің мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мүддесін лоббилеу үшін жүйелі негізде пара алғандығын анықтады. Ағымдағы жылдың 31 наурызы күні  Б.Мусин кәсіпкерден 400 мың теңге көлеміндегі параның кезекті бөлігін алу барысында ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды. Параның жалпы сомасы 1,4 млн. теңгені құрайды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа