Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

17 ақпан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1 млн теңге пара алғандығы үшін Қостанай стансасы ЖІІД басшысын ұстады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай стансасы ЖІІД басшысы, полиция полковнигі Е.Р. Сапаровты 1 миллион теңге пара алу үстінде ұстады.

Ұсталушы Қостанай «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ филиалының магистральді желілер бөлімшесінің бас инженерінен сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін өзінің бірінші орынбасары, полиция майоры Батталов Ч.О. арқылы пара алған.

Сапаров Е.Р. ҚР ҚК 128-бабы негізінде ұсталды және Рудный қ. уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.