Интерактивті атқарымдары

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

09 қаңтар, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы Р. Жұмабаевты ұстады.

Р. Жұмабаевтың Қапшағай қаласы аумағында орналасқан ойынхана өкілдерінен ойын мекемелерінің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қамқорлық жасап, салықтық тексерулер жүргізбеу үшін жүйелі түрде пара алғандығы анықталды.

Осылайша, Р.Жұмабаев делдал  өзінің ұлы Д.Уданов арқылы Қапшағай қаласындағы «ІнжуКZказино «ХО» өкілінен 5 мың АҚШ доллары сомасында кезекті пара алу барысында ұсталды.

Қазіргі уақытта Р. Жұмабаев пен Д.Уданов ҚР ҚІЖК 128 бабына сәйкес Іле аудандық ІІБ уақытша оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

05 қаңтар, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Беларусьтағы Қазақстан Елшілігінің аға бухгалтері А. Сейдуалиевты ұстады.

А. Сейдуалиев 2012-2015 жылдары аралығында Елшілік ғимаратының құрылысын жүргізді деген желеумен бас  мердігер «Активбизнесплюс» ААҚ-қа жалған шығыс кассалық ордерлер жасау жолымен бюджеттің 207 мың доллар қаржысын ұрлағаны анықталды.

Сонымен қатар, А. Сейдуалиев аталған кезеңде Беларусь Республикасының салық органдарынан қайтарылған ҚҚС ретінде Елшілікке түскен 474 883 АҚШ долларын да иемденген.

Ұрланған қаржының жалпы сомасы 681 883 долларды құрайды.

Қазіргі уақытта А.Сейдуалиев ҚР ҚІК 128-бабына сәйкес Астана қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

05 қаңтар, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Р.Акчуринді ұстады.

Р.Акчурин Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Астана Тазалық» ЖШС-ның бас директоры А.Басқанбаевпен қылмыстық ымыраға келе отырып, «СБС-Снаб-Сервис» және «Install Service Com» жауапкершілігі шектеулі серіктестерін құрған және 2016 жылы 1,8 млрд. теңге сомаға  көшені тазалау және санитарлық тазартуға арналған мемлекеттік сатып алулар конкурсын жеңіп алуларын заңсыз қамтамасыз етіп, заңсыз табыс алғандығы анықталды.

Сонымен қатар ол өзіне бағынышты компаниялардың мүддесіне сай шешім шығарып алу үшін әкімдіктің лауазымды тұлғаларына бірнеше мәрте пара берген.

Қазіргі уақытта Р.Акчурин  ҚР ҚІК 128-бабына сәйкес Астана қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

31 желтоқсан, 2016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметті төлеу комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Д. Қазанғапов пен оның орынбасары Н. Аханаеваны ұстады.

Лауазымды тұлғалардың тегін медициналық көмек кепілді көлемін көрсетуге шарттарға кедергісіз қол қойып және жалпы  қамқорлық жасағаны үшін медициналық мекеме басшыларынан жүйелі түрде пара алғаны анықталды.

Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Екібастұз қаласы №2 емханасының бас дәрігері Қабылтаевтан, №3 емхана бас дәрігері Сәкеновадан және басқалардан 200 000 теңгеден астам пара алу кезінде Д. Қазанғапов пен Н. Аханаеваны ұстады.

Қазір Д. Қазанғапов, Н.Аханаева, С. Қабылтаев, Қ. Сәкенова Павлодар қаласының ІІБ Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

20 желтоқсан, 2016

Бүгін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бас мемлекеттік аудиторлары Б.Копобаева және А.Жәңгірбаеваны ұстады.

 Жоспарлы тексеріс жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар "Қазақавтожол" РМК бас директоры С.Мұқашев пен оның орынбасары Е.Шәмішевтен мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражатындағы олқылықтарды аудиторлық есепте жасырып қалу үшін 16 000 000 теңге көлеміндегі параның бір бөлігін алған.

Аталған схемаға «Қазақавтожолдың» барлық облыстағы филиал басшылары тартылған, олар мемлекеттік аудиторлар үшін пара жинаған.

Аса ірі көлемде пара алғаны үшін бас мемлекеттік аудиторлар Б.Копобаева мен А.Жәңгірбаева, пара берген бас директор С.Мұқашев, оның орынбасары Е.Шәмишев, бас есепші Ш.Қорғанова, бөлім жетекшілері Б.Елемесов, К.Әжіғұлов, сондай-ақ, "Қазақавтожол" облыстық филиалдарының басшылары тұтқындалды.

Қазіргі уақытта олар Астана қ. ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. 

15 желтоқсан, 2016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Т.Шаяхметовты ұстады.

Т.Шаяхметов басқарманың бөлім басшысы А.Ишановпен алдын ала келісім бойынша, оқу-жаттығу жиындарын кедергісіз өткізу және жалпы қамқоршылық үшін Орал қаласының 10 спорт мектептерінің жаттықтырушыларынан жүйелі негізде пара алғандығы анықталды.

Ағымғы жылдың қараша мен желтоқсан айы аралығында Т. Шаяхметов пен А. Ишанов 1 500 000 теңге жалпы сомасында пара алған.

Қазіргі уақытта Т. Шаяхметов Орал қаласының ІІБ Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

13 желтоқсан, 2016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық МКД «Қостанай-ЦТО»  кеден бекетінің басшысы Л. Нұргазинаны ұстады.

Л. Нұргазина қылмыстық схеманы құрып, кедендік тауарларды жеделдетіп рәсімдеуі үшін жүйелі негізде жеке тұлғалардан пара алғандығы анықталды.

Аталған схемаға кеден бекетінің 11 лауазымды тұлғасы және 30 астам кәсіпкерлер тартылды.

Әр қатысушының өз рөлі болған. Жалпы үйлестіруді Л. Нұргазина жүзеге асырды, кассир рөлін кеден бекетінің маманы М. Жақсалықов атқарды.

Ағымғы жылдың қараша мен желтоқсан айы кезеңінде алынған параның жалпы сомасы 10-нан аса миллион теңгені құрады.

Қазіргі уақытта Л. Нұргазина және М. Жақсалықов ҚР ҚПК 128 бабына сәйкес Рудный қаласының ІІБ Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мұрат Жұманбай таратқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.

04 қазан, 2016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің басшысы Е. Абдрахмановты ұстады.

Абдрахманов Е. қол астындағы қызметкерлерден жұмыстан шығаруымен қорқытып және одан әрі қызмет бабы бойынша қамқорлық жасайтынын айтып жүйелі негізде ақша қаражатын алып отырған.

Өзінің қылмыстық әрекеттерімен Е. Абдрахмановтың заңсыз түрде 1 500 000 теңге алғаны анықталды.

Осылайша, Е. Абдрахманов 250 000 теңге сомасындағы кезекті парасын алу үстінде ұсталды.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлға Петропавл қаласының ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

04 қазан, 2016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстық ІІД ЖПҚ жол-патрульдік қызмет полкінің қызметкерлері құрамында қылмыстық топты әшкереледі және қызметтің жолын кесті.

Лауазымды тұлғалар старшина Е. Бижанов, старшина    Р. Еркінов және сержант Е. Шадыманов әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін автокөлік құралдарының жүргізушілерінен жүйелі негізде пара алып отырған.

Осылайша, 80 мың теңге сомасында кезекті пара алу кезінде полицейлер қолға түсті.

Е. Бижанов, Р. Еркінов, Е. Шадыманов өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар Ақтөбе қаласының ІІБ уақытша қамау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

04 қазан, 2016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласының қорғаныс істері бойынша басқарма басшысы К. Камалиевті ұстады.

К. Камалиев жеке басын байыту мақсатымен жеке тұлғадан әскери қызметке шақырылған азаматтың мерзімін кейінге қалдыру үшін 50 мыңнан астам теңге сомасында пара алған.

К. Камалиев өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлға Көкшетау қаласының ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа