Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

25 сәуір, 2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны іске асыру мәселелеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйіне арналған мәжіліс болып өтті

Іс-шараға Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, комитеттері мен ведомствоға бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.

Сонымен қатар, Министрлік комитеттерінің аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар  бейнетконференциябайланысы арқылы қосылды.

Сондай-ақ іс-шараға «Транспэранси Қазақстан» қоғамдық қорының қорғаншылық кеңесінің төрайымы Наталья Малярчук қатысты.

Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросы Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев сөз сөйледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері туралы хабардар етті.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және оның оң нәтижелерімен қатар, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін факторлар, сондай ақ сыбайлас жемқорлыққа төзу тәсілдері және қолданылатын алдын алу шаралары туралы мәжіліске қатысушыларға хабарлама жасады.

Атап айтқанда, Министрлікке және жергілікті атқарушы органдарға ағымдағы жылы енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық қатерлерін, ішкі талдау тетіктерін, сонымен қатар этика жөніндегі кеңестер мен уәкілеттілердің  әуелетін кеңірек пайдалану  ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою Ұлттық экономика министрлігі үйлестіруді жүзеге асыратын қызмет салаларында сыбайлас жемқорлық көріністерінің өсу қарқынын тоқтатуға мүмкіндік береді.

Осылайша, егер 2015 жыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 321 сотқа дейінгі тергеу тіркелген болса,  ағымдағы жылдың 3 айы аралығында 240 іс тіркелді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 3,5 есе артық  қылмыс жасалған (68-ге қарағанда 240).

Қылмыстың басым бөлігі бюджет қаражатын ұрлау, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және парақорлық фактілерімен байланысты.

2015 жылы және ағымдағы жылы Министрлік комитеттерінің аумақтық бөлімшелерінің бірқатар басшылары сотталып, жауапкершілікке тартылады.

Мысалы, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің  Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы А. Рахымбаева, Тұтынушылар құқықтарын қорғау Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С. Оспанова, Орал қаласының Тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Д. Қазиева сотталды.

Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық үшін Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Т. Махамбетов  және оның орынбасары А. Онаев, Батыс Қазақстан облысы бойынша В. Разов, БҚО бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы М. Арыспаев айыпталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған ұқсас қылмыс схемалары құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер ресурстарын басқару салаларында жергілікті атқарушы органдар басшыларының арасында айқындалды.

Саясатты қалыптастыру, нормативтік-құқықтық базаны үйлестіру және әдіместелік қамтамасыз етуді Ұлттық экономика министрлігінің жүзеге асыратындығын ескере отырып, Жауапты хатшыға сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алу және жою бойынша шаралар қолдануға, аумақтық бөлімшелер басшыларын ілгері жылжытқан және тағайындауға ұсынған орталық аппараттың лауазымды тұлғаларының дербес жауапкершілігін күшейту және қарастыру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін шаралар қолдану ұсынылды.

Сондай-ақ, қатысушылардың назары нормативтік құқықтық актілерді, ұйымдастырушылық-басқарушылық функцияларды сақтауға, сапалы түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсетуге және олардың ашықтығын максималды түрде көрсетуге аудартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпаратқа халықаралық сарапшылардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сайттарының ағылшын тіліндегі нұсқаларын мазмұнды толтырылуы және уақтылы жаңартылуы бойынша жұмысты жандандыру ұсынылды.

 «Transparency International Kazakhstan» өкілі Наталья Малярчук өзінің сөйлеген сөзінде Министрлік жетекшілік ететін мемлекеттік басқару тиімділігі мәселелерін жарыққа шығарды.

Атап айтқанда, мүдделер қақтыысының болуына, алақол мүдделік қолдауға жол бермеу тұрғысынан мемлекеттік бағдарламаларды және стратегияларды жоспарлауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін біркелкілеу бойынша барынша тыңғылықты жұмыстың қажеттілігі туралы ұсыныс айтылды.

Сонымен қатар, Н.Малярчук Қордың Министрлікпен тиісті өзара іс-қимылды ұйымдастыруға дайын екендігін білдірді.

Мәжіліс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоның жасаған жұмысы туралы Ұлттық экономика Министрлігінің этика жөніндегі уәкілетті өкілі Дәурен Мұрадбеков сөз сөйледі.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Министрліктің жауапты хатшысы Д. Вагапов басшыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша шаралар қолдану мәселесін қарау және органның қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа