Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

18 сәуір, 2016

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны іске асыру мәселелеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйіне мәжіліс болып өтті

Іс шара Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері, комитеттері мен ведомствоға бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының басшылығымен өткізілді. Сонымен қатар, мәдениет және спорт,  тілдер және дін істері бойынша өңірлік мекемелер бейнетконференциябайланысы арқылы қосылды.

Мәжілісте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  жаңа тәсілдер туралы хабардар етті.

Ол жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және оның оң нәтижелерімен қатар, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін факторлар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жеңу тәсілдері және алдын ала қабылданатын шаралары туралы мәжіліс қатысушыларына мәлімдеді.

Министрлікке және жергілікті атқарушы органдарға ағымдағы жылы енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық қатерлерін, ішкі талдау тетіктерін, сонымен қатар этика жөніндегі кеңестер мен уәкілеттілердің  әуелетін кеңірек пайдалану  ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою Мәдениет және спорт министрлігінің жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің арту қарқынын тоқтатуға мүмкіндік береді.

Осылайша, 2015 жылы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 18 сотқа дейінгі тергеуді тіркеген болса, алдағы жылдың  3 айы аралығында 35-ін тіркеді.

Қылмыстың басым бөлігі бюджет қаражатын ұрлау, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және парақорлық фактілерімен байланысты.

Бұдан басқа, бұрынның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды жұмысқа қабылдау,  кадрларды сапасыз іріктеу  фактілері орын алуда.

Сондай-ақ, қатысушылардың назары нормативтік құқықтық актілерді, ұйымдастырушылық-басқарушылық функцияларды сақтауға, сапалы түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсетуге және олардың ашықтығын максималды түрде көрсетуге аудартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпаратқа халықаралық сарапшылардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сайттарының ағылшын тіліндегі нұсқаларын мазмұнды толтырылуы және уақтылы жаңартылуы бойынша жұмысты жандандыру ұсынылды.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоның жасаған жұмысы туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Министрліктің жауапты хатшысының міндетін атқарушы Мақсат Жақсыбаев сөз сөйледі.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Министр басшыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша шаралар қолдану мәселесін қарау және органның қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа