Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

25 желтоқсан, 2017

Баспасөз хабарламасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана қаласындағы қатаң режимдегі колония басшылығының «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевке қамқорлық жасаған фактілерін анықтап жолын кесті.

Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушы Т.Ермегияевтің жазасын жайлы жағдайда өткізуіне мүмкіндік жасаған ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Ң.Әбен мен оның орынбасары, әділет майоры Т.Мұсаевты сот санциясымен ұстап, тұтқынға алды.

Жоғарыда аталған тұлғалар Т.Ермегияевке тұрақты түрде алкоголь ішімдіктерін ішуге үнемі жағдай жасап, ұялы телефон мен интернетті еркін пайдалануға, сонымен қатар үздіксіз кездесу өткізуіне мүмкіншілік бергені анықталды.

Осыған қоса, аталған өрескел заң бұзушылықтарға жол бергені үшін қылмыстық атқару жүйесінің 13 лауазымды тұлғасы да тәртіптік жазаға тартылды.

Оның ішінде 11-і қызметінен босатылып, екеуіне қызметіне толық сай келмейтіндігі ескертілді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусым айында жемқорлық және ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 14 жылға сотталған болатын.