Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

15 желтоқсан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында салтанатты іс-шара өтті.

Ұлттық бюро басшысы Талғат Татубаев  құттықтау сөзін сөйлей отырып қоғам және Елбасы тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметінің жоғары бағалағанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызмет бабындағы міндеттерін мінсіз орындағаны үшін, ІІ дәрежелі «Айбын» және «Құрмет» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Ерең еңбегі үшін» медальдарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 6 қызметкері марапатталды.

Оған қоса, мемлекеттің ең басты мейрамы қарсаңында бірқатар қызметкерлер ведомстволық марапаттармен және кезектен тыс лауазымдарымен марапатталды.

Талғат Татубаев жеке құрамды құттықтап, тәуелсіз Қазақстанды құрудағы ведомствоның және оның әрбір қызметкердің рөлін баса айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы «Ұлттық бюроның және оның аумақтық бөлімшелері ұжымының жолға қойылған әрекеттері мен кәсібилігінің арқасында сыбайлас жемқорлықпен күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізудің сәті түсті» - деп атап өтті жедел қызмет  жұмысының нақты нәтижелерін көрсете отырып.

Сөзінің соңында Талғат Татубаев  әріптестеріне толағай табыс, ашық аспан және бақ-береке тіледі.