Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

11 желтоқсан, 2017

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Алик Шпекбаев тағайындалды

Бүгін Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысын ұсынды. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Агенттіктің Төрағасы Алик Шпекбаев болып тағайындалды.

Алик Шпекбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, Ішкі істер вице-министрі лауазымдарында қызмет атқарған.

Сонымен қатар, Әділбек Жақсыбеков Президент атынан Қайрат Қожамжаровты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының лауазымында жұмыс істегені үшін және Қазақстан Республикасы Бас прокурор қызметіне тағайындалғанына байланысты құттықтады.