Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

24 қараша, 2017

Пресс-релиз

2017 жылдың 22 қарашасында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамының қатысуымен мәжіліс өткізді.

Онда Қайрат Қожамжаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет офицерлеріне Мемлекет басшысының а.ж. 20 қарашасында кездесу барысында берген тапсырмаларын жеткізді. 

Атап айтсақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығы туралы. 

«Біздің міндет – қоғам өмірінің барлық салаларында жемқорлықпен тиімді күресуді қамтамасыз ету. Ол әлеуметтік, ауылшаруашылық, құрылыс мәселелері, кен игеру, қаржы және кзавимемлекеттік секторлар, құқыққорғау, сот органдары және басқа да салалар» - деді
Қ. Қожамжаров.

Сондай-ақ, Төраға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиімді жұмыс атқаруына қажетті жағдайы мен құралдары бар екенін атап өтті. 

Басым міндеттерге қылмыстық тізбектің барлық құрамын, яғни орындаушыдан ұйымдастырушыға дейін әшкерелеу қойылды.

«Ел басы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жемқорық көріністерін кім жасаса да, онымен қатал күресуді міндет етіп қойды» - деді Қ. Қожамжаров.    

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.

Осы бағытта Ұлттық бюроға бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту тапсырылды.

«Мемлекеттің ұрланған қаражатын толығымен өндіруді қамтамасыз ету керек, оның ішінде айыпты тұлғалардың мүлігіне тыйым салу және шетелдегі заңсыз активтерін анықтау арқылы. Мемлекет есебінен заңсыз байыған бірде бір тұлға, ұрланған қаражатты не Қазақстанда, не шетелде пайдалануға мүмкіндігі болмауы керек» - деп көрсетті Төраға.