Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

09 қараша, 2017

Спорт саласындағы 150-ден астам лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы семнарға қатысты

Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ауқымды іс-шара болып өтті.

«Сарыарқа» республикалық велотрегінің алаңында өңірлік спорт ұйымдарының 150 қаржылық жұмыскері үшін семинар болып өтті.

Іс-шараның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың шешуші бағыттарын түсіндіру болды.

«Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, яғни, мемлекеттік органдардың жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңінен оқыту, азаматтық қоғаммен белсенді өзара іс-қимыл бойынша шаралар бүгінгі күні басым болып табылады», - деп түсіндірді Ұлттық бюроның аса маңызды істер жөніндегі офицері М.Н. Баранов.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның алдын алу шаралары және жедел-іздестіру тәжірибесі туралы жан-жақты әңгімелеп берді.

Сөзінің соңында тренингке қатысушыларға Ұлттық бюро қызметінің нәтижелері туралы бейнеролик көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларға жүйелі түрде қатысатындығын атап өту керек.