Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

25 қазан, 2017

Ұлттық бюро қызметкерлері Құқық қорғау органдарының академиясында шеберлік-класын өткізді

Ағымдағы жылы 24 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына біліктіліктерін арттыруға келген құқық қорғау органларының қызметкерлері үшін тренинг өткізді.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Департаменті басшысының орынбасары Талғар Серікбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті іске асыру жөніндегі кешенді тәсіл туралы тыңдаушыларға әңгімелеп берді.

Одан басқа, ол органның алдын алу шаралары және жедел-іздестіру тәжірибесі бойынша шеберлік-класын жүргізді.

Ұлттық бюроның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға жүйелі негізде атсалысатындығын атап өту керек.