Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

19 қазан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының алқа мәжілісінің қортындысы бойынша өткізілетін брифинг туралы пресс-релиз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында 2017 жылдың 9 айлық қызметінің қортындысы бойынша алқа мәжілісі өтті.

Оның нәтижесін cыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшылары брифингте жеткізді.

Ұлттық бюроның Штаб (департамент) басшының орынбасары Серікбаев Талғардың айтуы бойынша жыл басынан үш мыңнан аса жемқорлық фактісі анықталған.

«Бүгінгі күні қылмыстық істердің жартысынан көбі сотқа жолданды» - деді Т.Серікбаев. Бұған қоса, істердің жан-жақты тергелгелгені, өйткені әр жағдай адамдардың тағдырымен байланысты екенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықты жүйелі түрін әшкерелеуге, яғни орындаушыдан ұйымдастырушыға дейінгі заңсыз әрекеттердің барлық тізбегінің жолын кесуге бағытталған.

Атап айтқанда, жыл басынан 89 жүйелі жемқорлық фактілері, 300-ге жуық тұлғадан тұратын қылмыстық топ анықталды.

Ұлттық бюро Мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының тарапынан бизнес ісіне заңсыз араласу фактілерінің жолын кесуге ерекеше көңіл бөледі.

«Жыл басынан, орындалған жұмыс актілеріне қол қою және тендерлерде ұтуды қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлерден пара алудың 269 фактісінің жолы кесілді»,- деді Штаб (департамент) басшысының орынбасары.

Органның ең басты басымдықтарының бірі мемлекетке келтірілген залалды өтеу, тәркіленген мүліктің мемлекет кірісіне аударылуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылатынын брифинг барысында Ұлттық бюро қызметкерлері хабарлады.

«Жалпы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі атқарып келе жатқан жұмыс кезеңінен бері 22 млрд. теңгені өтелуіне қол жеткізген. Ол, 14 мектеп немесе 73 бала-бақшаның, болмаса 13 аурухананың құрылысына жұмсалған қаражатпен тең» - деді Т. Серікбаев.

Тек ағымдағы жылдың өзінде мемлекетке 7,5 млрд. теңге қайтарылды.

Брифинг соңында Ұлттық бюро жемқорлықтың алдын-алу бойынша жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

Осылайша, әртүрлі салаларда 10-нан аса талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша ұсыныстардың нәтижелері Президент Әкімшілігіне жолданды.

Олар, 8 заңды, 30 заңға тәуелді актілерді және 7 жаңа мемлекеттік қызмет стандарттарын әзірлеу кезінде ескерілді.