Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

02 қазан, 2017

Халықаралық қартар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Қарттар үйіне барып қайтты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметшілері Астана қаласының Қарттар үйіне барып, аға буынға сый-құрмет көрсетті.

Аға буынның өкілдері өздерімен тек қана сыйлық емес, сондай-ақ жақсы көңіл-күй алып келген қонақтарды қуана қарсы алды

Эстрадалық ұжымның қатысуымен дәстүрлі ән кеші ұйымдастырылды.

Осы іс-шара аясында ата және әжелердің құрметіне әндер және олардың Қазақстан тарихына қосқан үлестері үшін шынайы алғыс сөздер айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Басқарма басшысы Қуаныш Мырзағали «Біз Сіздердің алдарыңызда Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің Отанымызды қорғау және соғыстан кейін қалалар мен ауылдарды қалпына келтіру бойынша жасаған батырлық ерліктеріңіз үшін басымызды иеміз» деп атап өтті.

Жарқын мерекеге естелік ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Қарттар үйіне күз көрнісі бейнеленген картинаны сыйға тартты.