Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

22 қыркүйек, 2017

Қазақстан халқы тілдерінің күнін мерекелеуге арналған «Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі» атты мәжіліс өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Мемлекеттік тіл рухани жаңғыру тілі» атты мәжіліс өткізілді.

Ана тілімізге және өз елімізге сүйіспеншілікті және құрметті тәрбиелеу, әртүрлі ұлттардың тілдері, салт-дәстүрлері туралы білімді кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстан халықтары тілдерінің күні болып жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Басшысының орынбасары М.К. Дүйсенов кіріспе сөз сөйледі.

Спикер сөйлеген сөзінде мемлекеттік тілдің ұлттық саясаттың негізі болуы тиіс екендігін атап айтты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы туралы жариялаған болатын.

Жаңа үлгідегі жаңғырудың алғашқы шарты бұл өз мәдениетіңді, өзіңнің ұлттық кодыңды, оның ішінде мемлекеттік тілді сақтау. Ал, бұл тарихымыздың және ұлттық салт-дәстүріміздің міндетті түрде ескерілуі тиіс екендігін білдіреді.

Осыған орай, Ұлттық бюро білім деңгейін арттыру және мемлекеттік тілдің басты құндылықтарын түсіндіру мақсатында, Ұлттық бюро қызметкерлері үшін тұрақты негізде қазақ тілі курстарын өткізіп тұрады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Н.Т. Төленбергенованың баяндамасы тыңдалды.

Одан басқа, іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының жаңа стандартын әзірлеуші Мемлекеттік Елтаңбаның 3D модельдерімен бейнематериалды көрсетіліп, мемлекеттік рәміздер бойынша тренинг өткізілді.

Аталған іс-шараға Ұлттық бюро басшылығы мен қызметкерлері қатысты, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелері де бейне-конференция байланысы режимінде қатысып отырды.

СЖҚІҰБ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ