Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

21 тамыз, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері құқық қорғау органдары Академиясында оқудан өтті.

2017 жылдың 14 тамыздан бастап 18 тамызға дейін  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы аумақтық департаменттерінің қызметкерлері құқық қорғау органдары Академиясында оқудан өтті.

Курс бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық тәжірибесін, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын, алдын алу шараларын, сот және жедел іздестіру дағдыларын зерттеу бойынша сессияларын қосатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ерекшелігін есепке алып жетілдірілді.

Тренингтер қызмет міндеттерін атқару үшін қажетті дағдыларды игеруге бағытталған теориялық және практикалық бөлімдерден құралды.

Курс қорытындылары бойынша тыңдармандар бақылау тапсырмаларын орындап сауалнамадан өтті.

Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары Академиясында жүйелі негізде мамандығын көтереді.