Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

25 шілде, 2017

Сыбайлас жемқорлық себептерін жою негізгі басымдық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеп-тексерумен қатар, олардың көздерін жоюға жұмылдырылған.

Құқық қолдану практикасының негізінде сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім салалардағы тәуекелдерге талдау жасалады. Құқықтық актілерге, лауазымды тұлғалардың функциялары мен өкілеттіктеріне мұқият мониторинг өткізіледі.

Алдын алу шараларын қабылдауда басты бағдар ретінде қолданылатын халықтың пікірі осы жұмыстағы маңызды жайт болып табылады.

Әзірленген ұсынымдар мемлекеттік органдардың қарауына енгізіледі және сыбайлас жемқорлыққа арналған «айла-амалдарды» болдырмауға бағытталған. Бүгінгі күні оларды іске асыру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.

Сонымен, білім беру саласында ата-аналардың құқықтарын қорғау және лауазымды тұлғалармен жасалатын «тікелей» байланысты жою үшін, ағымдағы жылы 1 қаңтардан бастап Астанада пилоттық режимде балабақшаларға кезектіліктің жаңа автоматтандырылған жүйесі іске қосылды.

Енді ата-аналар үйлерінде отырып баланы кезекке қоя алады, балабақшаны таңдайды және әкімдіктің араласуынсыз жолдама ала алады. Осының барлығы астананың www.e.astana.kz электронды көрсетілетін қызметтер порталында қолжетімді.

Балабақшаларға кезектілік барынша оңай және айқын бола бастады. Бағдарламаны, ретімен, 5000 отбасы пайдаланып та үлгерді.

Осындай тәртіп барлық республикада қолға алынатын болады.

Орта мектептерде «бұлыңғыр» бухгалтерияны енгізу бюджет қаражатының шығысталуын онлайн-бақылауды қамтамасыз етеді және қаржылық бұзушылықтарды болдырмайды.

Мектептердегі «алым-салықты» болдырмау үшін, қайырымдылық қаражатын шығыстау тәртібін белгілейтін Қамқоршылық кеңестерінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының жобасы әзірленді. Кеңестердің жұмысына ата-аналармен бірге, қоғамдастықтар (балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қорлар, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» ҰКП) өкілдері де қатысатын болады.

Бұдан әрі ата-аналар комитеттерінің қызметі ақша қаражатын жинаумен байланысты болмайды.

Денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың электронды сатып алынуын көздейтін заң әзірленді.

Бұл сатып алу процесінің айқындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және оған әлеуетті жабдықтаушылардың қолжетімділігін арттырады.

Конкурстық комиссияға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қосу көзделген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеудің жаңа қағидалары (бұдан әрі - ТМККК) бекітілді.

Сондай-ақ ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары әзірленді. Жобамен есептік құжаттама нысандары 22%-ға, алғашқы медициналық құжаттама нысандары 30%-ға қысқарады.

Медициналық бизнеске арналған кедергілерді жою мақсатында               28 негізсіз санитариялық қағида жойылды, сондай-ақ 14 мемлекеттік функция бәсекелестік ортасына беріледі.

Спорт саласында мемлекеттік органдардың функцияларын шектей отырып, оны қаржыландырудың жаңа жүйесі көзделген заң қабылданды.

Енді әкімдіктер тек қана бұқаралық спортты дамытумен, ал орталық уәкілетті орган бюджет қаражатының пайдаланылуын үйлестірумен және бақылаумен айналысатын болады.

Кәсіпқой футболды мемлекеттік қаржыландыруды оңтайландыру мақсатында, бәсекелестік ортасына 8 клуб берілді.

Спортшыларға баспана беру, оларға өтемақылар төлеу және спорттық мектептердің мәртебесін айқындау мәселелері бойынша электронды көрсетілетін қызметтердің 3 жаңа стандарты келісу сатысында.

Қабылданған шаралар осы салада бюджет қаражатын бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, сондай-ақ спорт бизнесін дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы саласында ет өнімдерін өткізуге рұқсат беру және тыңайтқыштарды субсидиялау бойынша көрсетілетін қызметтерді жаңа электронды форматқа ауыстыру жүзеге асырылуда.

Астық дақылдары үшін субсидиялаудың гектарлық тәртібі түпкі өнімді кредиттеуге өтумен ауыстырылды, бұл егістік ауданын қолдан арттыру арқылы бюджет қаражатын жымқыруды жоятын болады.

Өңдеуші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын субсидиялау бойынша көрсетілетін қызметтер стандарттары енгізілуде.

Субсидиялар беруге қабылданатын өтінімдерді қарастыру бойынша автоматтандырылған жүйені енгізу көрсетілетін қызметтерді берушілермен тікелей байланысты болдырмайды.

Мал шаруашылығы саласында сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға өтінімдер берудің электронды форматы қарастырылуда.

Жер қатынастары саласындағы заңның жаңа жобасымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлудің жария рәсімдері және конкурстық комиссияға қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуы көзделген.

Жерлердің бөлінуі бойынша ақпараттың ашық болуына, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін алуға тұрған кезектегілердің онлайн-базасы жасалады.

Ақмола облысында тұрғындар үшін бос жатқан жер телімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы сервис пилоттық режимде іске қосылды.

Жол құрылысы саласында сатып алу кезінде құжаттарды берудің электронды жүйесі енгізілді, бұл конкурстық рәсімдерге қатысу кезінде кәсіпкерлердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Жолдарды салу және жөндеу жұмыстарының сапасына жасалатын орталықтандырылған бақылауды жүзеге асыратын Жол активтері сапасының ұлттық орталығы құрылуда.

Енді автожолдар құрылысы саласында аттестатталған сарапшылардың штатта болуы сараптамалық ұйымдарды аккредиттеудің міндетті шарты болып табылады. Бұл, бұрын болғандай, техникалық қадағалауға кәсіби емес мамандардың жіберілуіне жол бермеуге мүмкіндік жасайды.

Геология және жер қойнауын пайдалану саласында жобаларды бекіту, газды жағуға және өңдеуге берілетін рұқсаттарды келісу,                              сондай-ақ келісімшарттық мерзімдерді ұзарту бойынша функциялар қайта бөлінуде.

Аукцион жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өткізілетін конкурстың басты нысаны болады, бұл жариялылықты және рәсімдерді оңайлатуды қамтамасыз етеді.

Жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісімшартты алу мерзімдері оңтайландырылуда және келісу рәсімдері қысқартылуда, жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленуде.

Барлық осы өзгерістер «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің жобасын дайындау шеңберінде енгізілетін болады.

Экология саласында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар және экологиялық сараптама қорытындыларын беру бойынша көрсетілетін қызметтер электронды форматқа толықтай өте отырып біріктірілуде.

Бұл аталған көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін 3 есе дерлік (120 күннен 45 күнге дейін) қысқартуға мүмкіндік береді, бұл бизнес жүргізуге арналған ахуалды жақсартады.

Мемлекеттік аудит саласында оны өткізу тетіктері түбегейлі түрде қарастырылуда.

Мемлекеттік аудитор лауазымына үміткер кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілді.

Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік аудит жүйесін оңтайландыру үшін жағдайлар жасайды және оның тиімділігін арттырады.

Квазимемлекеттік секторда мемлекеттік сатып алудың бірыңғай қағидалары, оларды электронды форматқа ауыстыра отырып қабылдау жоспарланып отыр.

Сатып алу мониторингіне арналған бірыңғай деректер базасы, Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары мен сатып алуды бақылау жөніндегі қызметтің тізілімі құрастырылуда. Бұл шаралар квазимемлекеттік секторда бюджет қаражатының шығысталуына тұрақты бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ кәсіпкерлер теңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары 8 заңды, 30-дан астам заңға тәуелді актіні, оның ішінде 8 жаңа мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу кезінде ескерілді.

Осындай алдын алу қызметі тұрақты негізде жалғасатын болады.