Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

02 мамыр, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі мемлекеттік тіл

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына, ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына», ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес тіл саясатын жетілдіру, мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, қазақ тілін зиялы ұлттың әлеуетіне айналдыру бағытындағы жұмыстар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тұрақты түрде жүргізіледі.

Ауызша, жазбаша тілдік құзыреттіліктің кәсіби қызметте алатын орны маңызды. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру, уәждемелеу туралы айтып өткен жөн. Мәселен, құжат толтыру, кәсіби қызметке қажетті басқа да жазу жұмыстарын сапалы орындау мақсатында, ағымдағы жылы орталық аппарат қызметкерлері диктант жазды. Диктант нәтижелері бойынша «өте жақсы» деген баға алған қызметкерлер дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар, көпшілік алдында нақты сөйлеу, тақырып бойынша ойды жеткізу сияқты жұмыстар да назардан тыс қалмайды. Сондай іс-шараның бірі – Наурыз мерекесі қарсаңында өткен «Мемлекеттік тілде сөйлеу мәдениеті» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жұмысы.  Тез ойла, сөз ойла!, Сөйлеу мәдениеті жоғары тұлға, Орынды әзілдей білу де – өнер, Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Тілді шұбарламай таза сөйлейік атты 5 кезеңнен тұратын дөңгелек үстелдің жұмысына Бюроның барлық департаменттерінен қызметкерлер қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында ойды нақтылау, сөйлеуші харизмін көрсету, таза қазақ тілін қолдану, қауымға терең ой салу сияқты пікірлер мен ойлар ннақышын тапты.

Бұл іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына жол ашу, тілді насихаттау, қызметкерлердің өзінің ана тіліне деген патриоттық сезімдерін оята отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі мемлекеттік тіл саясатының негізгі бағыттарын айқындау.

Мемлекеттік тілге байланысты іс-шараларға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының лингвистері тарапынан бағыт-бағдар көрсетіліп отырады. Дөңгелек үстел жұмысы барысындағы ой-пікірлер мен тұжырымдарды әділ бағалау құрметі Академияның профессоры Н.Т.Төленбергеноваға берілді.

Іс-шара  барысында ерекше ойларын сомдаған қызметкерлер дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ, жеңімпаздарға І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы мен барлық қатысушыларға «Тарих-и Рашиди» шығармасы ерекше сыйлық ретінде ұсынылып, рухани отырысты жандандырды.

Мемлекеттік тілді насихаттап, қажетті дәрежесіне септігін тигізетін осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұлттық бюроның инспекторы
Г.М. Есенова

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа