Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

14 ақпан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен «БТА Банк» АҚ бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы М. Аблязовтың басшылығымен қылмыстық қоғамдастықпен 7 млрд. АҚШ долларынан астам соманы ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Тергеумен анықталғандай, Аблязов бақылаудағы компаниялар арқылы Банктен ұрлаған ақша қаражаттарымен өзінің акцияларын сатып алу жолымен Банктің капиталын жасанды түрде көбейтіп отырған.

Банктің капиталын арттырып, Аблязов алдамшы қызығушылық пен қаржы өсімін жасаған.

Шетел инвесторлары және Қазақстан азаматтары Банктің табыстылығы мен тұрақтылығына сеніп, өздерінің ақша қаражаттарын оған салған.

Сөйтіп, 2005-2008 жылдар аралығында шетел кредиторларының инвестициялары мен халықтың депозиттерін көптеп тарту есебінде Банк капиталы 8 есеге артқан.

Аблязов алдау жолымен тапқан ақша қаражаттарын өзінің бірнеше компанияларын несиелендіру жолымен ұрлаған.

Бұдан кейін қылмыстық жолмен ұрланған ақша жүздеген оффшорлық компаниялар арқылы қаржы операциялары жолымен ізі жасырылған және Ресей, Украина, Ұлыбритания, АҚШ, Франция және басқа елдерде қымбат активтерді сатып алуға жұмсалған.

Бұндай көлемдегі ұрлық жұрттың жиған-тергенінен ал шетел кредиторларының  берген қарыздарынан айырылуына әкеп соқты.

Жағымсыз салдарды болдырмау үшін мемлекет БТА Банкінің ішкі салымшылары мен шетел инвесторлары алдындағы қарызын өтеу  бойынша міндеттемелерді өзіне алды.    

Қазіргі уақытта тергеумен жинақталған дәлелдемелер күдікті Аблязовтың аса ауыр қылмыс жасаған әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 16.07.1997 жылғы редакциясындағы 263-бабы 4-бөлімі (қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету), 176-бабы 3-бөлімі «а», «б» тармақтары (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету), 193-бабы 3-бөлімі «б», «в» тармақтары (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыру), 220-бабы 1-бөлімі (банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану), 228-бабы (өкiлеттiктердi теріс пайдалану) бойынша сараланды.      

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің (ҚР ҚПК) 206-бабы 1-бөліміне сәйкес күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы, егер қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болса немесе бұл туралы күдікті өтінішхат берсе, қорғаушының қатысуымен және қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жария етіледі. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда, қаулы жиырма төрт сағат өткеннен кейін де жариялануы мүмкін.

Күдікті Аблязовтың Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуге жалтаруына байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ҚПК 206-бабы 8-бөлімі басшылыққа ала отырып, прокурордың келісімімен оның іс-әрекетін саралау туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыр.

Күдікті Аблязов қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу және қаулымен таныстыруға қатысу үшін 2017 жылдың 15 ақпанына дейін мерзімде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфулина көшесі,37 мекен-жайындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына келуі қажет. 

Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдікті қорғаушыны өзі шақыруға немесе қорғаушының қылмыстық процестi жүргізетін органның қамтамасыз етуне өтініш жасауға құқылы (ҚР ҚПК 68-бап).

Егер күдiктi қорғаушыны өзі немесе  олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да тұлғалар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргізетін орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi (ҚР ҚПК 67-бап)

Күдікті шақыру бойынша белгіленген мерзiмде келуге кедергi келтiретiн дәлелдi себептер туралы өздерiн шақырған органға хабарлауға мiндеттi.

Естеріңізге саламыз, бұдан бұрын а.ж. 10 ақпанында Аблязов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жауап алу үшін шақыртылған болатын, бірақ белгіленген мерзімде келмей, оған себеп болатын жағдайлар туралы ескерткен жоқ.

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа