Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

13 ақпан, 2017

Қызылорда қаласындағы әйнек зауытының құрылысы кезінде Бишимбаев 1 млрд. теңге қымқырды.

«OrdaGlass» ЖШС ведомстволық бағынышты компаниясы және оның мердігер ұйымы  «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы Қызылорда қаласында табақ шынды өңдіру мен өңдеу зауытының құрылысы уақытында АҚ "Бәйтерек ҰБХ" Басқарма Төрағасы К. Бишимбаев 1 млрд теңгені ұрлау бойынша қылмыстық топты ұйымдастырды.

Сонымен қатар қылмыстық схемаға аталған ұйымдардың басшылары Д. Ибрашев, Ж. Исабек және М. Қожабаев тартылды.

Ұрланған ақшалай қаражат «Құрылыс металл құрастырылым зауыты» ЖШС-і  үлестес компания арқылы, құрылысшылардың тамақтануы және тұрушылығы үшін төлеу түрінде қолма-қолға айналдырды.

Аталған сомманың ішінде, К. Бишимбаев өзінің немере ағасы С. Нұрлыбек делдалы арқылы 2 млн АҚШ долларды алды.

Ж. Исабек, М. Қожабаев және С. Нұрлыбек сот санкциясымен қамауға алынды.

Д. Ибрашев кінәсін мойындағаны және тергеу жұмыстарына жең ұшын бергені үшін үй қамағына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.