Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

13 ақпан, 2017

Агенттіктің 2016 жылғы жұмыс қорытындыларына арналған алқа мәжілісі өтті

Ағымдағы жылғы 8 ақпанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісі өткізілді. Аталған шарада 2016 жылдың жұмыс қорытындылары қаралып, алдағы кезеңнің міндеттері айқындалды.

Мәжілісті ашқан Агенттік Төрағасы Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын белгілегенін атап өтті. Осының арқасында Қазақстан жаһандық транформацияның алғашқы кезеңін ойдағыдай еңсерді.                  

Қайрат Қожамжаров кәсіби және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңіндегі басты міндет екенін айтты. Бұл үшін қазіргі уақыттың өзінде құқықтық жағдай жасалды. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама жаңартылды. Енді мемлекеттік қызметке түсу төмен лауазымдардан басталады. Ал қызметкерлер өзінің құзыреттері мен кәсіби дайындығы негізінде жоғарылайды.    

Агенттік Төрағасы орган үшін ең бастысы Елбасының Жолдауы мен Ұлт жоспарын одан әрі сапалы жүзеге асыру екендігін атады. Қазіргі уақытта «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудың белсенді кезеңі өтіп жатыр. Бұл жүргізіліп жатқан реформалардың логикалық аяқталуы. Аттестаттау барысының ашықтығы мен объективтілігін  қамтамасыз ету аса маңызды. Жергілікті жерлердегі шұғыл топтарға қызметшілер құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарына жедел әрекет ету тапсырылды.      

Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бос орындарды анықтау үшін тереңдетілген талдау жүргізіледі және олар оңтайландырылуы мүмкін.   

Келесі маңызды аспект – мемлекеттік аппараттың институционалдық жадын қамтамасыз ету.

Тұрақты басқарудың жағдайын жасау үшін жергілікті жерлерде мансаптық жорпарлауды тиімді қолдану қажет. Сонымен қатар, үнемі қызметшілердің ауысуы сұрақтарына мониторинг жасап, уақытында әсер ету шараларын қабылдау кажет.

Агенттік қызметіндегі басымдықтарының бірі – мемлекетік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары мен себептерін жою және анықтау болып табылады.     

Қайрат Қожамжаров мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін автоматтандыру және оңтайландыру, мерзімдерді, процедураларды және құжаттардың тізімін қысқарту бойынша міндеттерді айқындап өтті.

Жұмыс жасаудың негізгі принципі мемлекеттік қызметтің клиентке бағдарлануы аясында құрылуы тиіс.  

Елбасы тапсырмаларын орындау шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша превентивтік шараларды толыққанды жүзеге асыру қажет. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық баяндаманы дайындаудың маңыздылығы атап өтілді. Осы жылы бұл құжат Ел Президентіне алғаш рет ұсынылады.   

Сөз сөйлеу барысында Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметшілердің морлальдық-этикалық келбеті мәселесіне назар аударды. Бұл сұрақта әдеп жөніндегі уәкіл басты көмекші ретінде болды.

Қайрат Қожамжаров Әдеп жөніндегі кеңестер сыбайлас жемқорлық қылмыс пен этикалық құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша жүйелі шараларды жасаудың диалог алаңы болу қажет екендігін атап өтті.

Өз сөзінде Қайрат Қожамжаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жұмысына тоқталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қылмыстық заңнаманы тиімді қолдану маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Іс-жүзінде барлық сала бойынша басшылық қызметіндегі лауазымды тұлғаларды әшкерлеумен сыбайлас жемқорлық бойынша фактілер анықталды. Сонымен қатар, Агенттік басшысы бюджеттік қаржыны соның ішінде Ұлттық қорды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге назар аударды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес «көлеңкелі экономика» субъектілерін заңсыз түрде қолдаушылық көрсету жөніндегі фактілерді айқындау бойынша жұмысты күшейту керектігін атап өтті.

Мемлекеттік органдар жағынан кәсіпкерлік саласына заңсыз қол сұғу фактілерін анықтау сұрақтарына айрықша көңіл бөлді.

Азаматтардың арыздары мен шағымдарын қарастыру сапасына көңіл аудару қажет. Бірде бір қылмыстың белгісі назарсыз қалмауы тиіс.

Агенттік Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет офицерлерінің басымдықтары - азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және сақтау болып табылатынын ескерді. Бірде бір жазасыз адам тұтқынға алынбауы және қылмыстық сала бойынша ізіне түсу арқылы қатыстырылмауы тиіс.

Алқа мәжілісі жұмысын қорытындылай келе Қайрат Қожамжаров Агенттік алдында тұрған барлық міндеттер ойдағыдай шешілетініне сенім білдірді.

 

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа