Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

27 желтоқсан, 2016

Астанада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыс өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Аталған шарада құқық қорғау органдары жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы мәселелері қаралады.

Отырысты ашқан Бас Прокурор Ж. Асанов Елбасының кәсіби аппаратты қалыптастыру бойынша реформасының маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта құқық қорғау органдарымен орасан зор жұмыстар жүзеге асырылуда. Жеке құрам арасында кадрларды іріктеу жүйесінің ашықтығы, объективтілігі қамтамасыз етілуде, басшылық құрамды тағайындаудың тәсілдемесі өзгеріп, қызметкерлерді дайындаудың механизмі жетілдірілуде.

Отырыста сөз сөйлеген Агенттік Төрағасы Қайрат Қожамжаров құқық қорғау жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалардан қоғам үлкен өзгерістерді күтуде. Бұл бағыттағы негізгі басымдықтар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған.  

«Бір жағынан құқық қорғаушылар қатарына жоғары деңгейлі кәсіби мамандардың түсуін қамтамасыз ету қажет. Басқа жағынан олар мінсіз абыройлы болулары керек. Олар конституциялық құрылыс пен қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге міндетті және жемқорлықтан таза болып азаматтардың сенімін тудырулары тиіс», - деді Қожамжаров.

Агенттік Төрағасы қазіргі уақытта осыны толығымен жүзеге асыруға  әлемдік тәжірибеде апробацияланған құралдар жеткілікті екендігінін атап өтті.

Бұл полиграф, кәсіби және жеке бас біліктілігін анықтауға арналған тесттер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен міндеттемелер, ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің жұмысы.

Қожамжаров өз сөзінде, жас қызметкер жеке басын байыту үшін лауазымдық өкілеттілігін қолдану туралы оймен қызметке түспеуі керектігіне екпін қойды.

Ал құқық қорғау жүйесін әрбір қызметкер адал және еңбегіне лайық лауазымдық сатымен жылжи алатындай етіп құру керек.

Сонымен қатар, Қожамжаров жоғары шеңді офицерлер қызмет мүдделеріне сатқындық жасаған мысалдардың іс жүзінде бар екенін атап өтті.

Төраға аудандық буыннан республикалық деңгейдегі әрбір басшыны өзінің адалдығы туралы мәлімдеп, өз қарамағындағы қызметкерлерден соны талап етуге шақырды.  

Отырыс қорытындысы бойынша тәртіпті нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықты азайту және құқық қорғау органдарына халықтың сенімін арттыру мақсатындағы Жол картасы қабылданды.

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа