Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

04 қараша, 2016

Баспасөз хабарламасы

Бұдан бұрын ұсталған Т. Жаманқұлов «Феникс» фильмін шығаруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруы бойынша өз қорғаушының қатысуымен кінәсін толық мойындады, істеген ісі үшін өкініп, келтірілген зиянды өтеуге міндеттенді.

Т. Жаманқұлов ақшаны қолма қол ақшаға айналдыру фактілерін растап, жымқырған бюджет қаражатын өзінің жеке мұқтаждығына жұмсағанын атап көрсетті.

Сонымен қатар, Т. Жаманқұлов ҚР ҚК-нің 65 бабына сәйкес шын өкінуіне байланысты өзін қылмыстық жауаптылықтан босату және кепіл түрінде бұлтартпау шараларын қолдану туралы өтініш хатын мәлімдеді.

Ағымдағы жылы 3 қараша күні Т. Жаманқұлов залалды жартылай өтеді және жеке басын, жасын және кепіл мүлікті салуын ескере отырып,  оған қатысты «кепіл» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Т. Жаманқұлов, Н. Юдина және Г. Ысқақованың келтірілген зиянды толық өтеуінен кейін, шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату бойынша өтініш хат қарастырылатын болады.